
2025 жылы 13 маусымда Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық және фармацевтикалық бақылау комитетінің Қарағанды облысы бойынша департаментінің қызметкерлеріне Медицина қызметкері күнін мерекелеу шеңберінде Денсаулық сақтау министрінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі аппараты басшысының, Медициналық және фармацевтикалық қызметті бақылау комитетінің, сондай-ақ Қарағанды облысы бойынша МФБКД ведомстволық наградалары мен грамоталары табыс етілді.
“Денсаулық сақтау үздігі” Құрмет белгісімен Департамент басшысының орынбасары Сабина Нагметуллина марапатталды.
Наградтау орындалған жұмысы үшін, сондай-ақ жүктелген міндеттер шеңберінде көрсетілген бастамасы мен қызметінің тиімділігін арттыруға ұмтылысы үшін МФБКД ұжымын көтермелеу мақсатында өткізілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/dkmfk-karagandy/press/news/details/1017592?lang=kk
Жауап қалдыру