Дерматомикоз – терінің және оның қосалқы бөліктерінің (шаш, тырнақ) жұқпалы ауруы, оны әртүрлі патогенді, шартты-патогенді саңырауқұлақтар тудырады.
Аурудың негізгі көздері – үй және әсіресе қаңғыбас жануарлар (мысықтар, иттер), сондай-ақ ауру адамдар. Инфекция науқас адаммен және жануармен тікелей немесе жанама байланыста болғанда, қол алысу, жеке заттар (киім, аяқ киім, тарақ, сүлгілер, маникюр керек-жарақтары және т.б.), ортақ заттар (кітаптар, қаламдар, жиһаздар, ойыншықтар және т.б.) арқылы берілуі мүмкін.
Бұл аурулардың қоздырғыштары мен көріністері өте әртүрлі, бірақ барлық жағдайда патологиялық процесс теріні, шашты қамтиды. Тегіс теріде дөңгелектенген айқын шекарасы бар, шеттері көтерілген қабыну дақтары пайда болады. Зақымданған ошақтың ортасында құрғақтанған қабыршықтар болуы мүмкін. Зақымданған ошақтар бір-бірімен біріктірілуге бейім, терінің қышуын, ауырсынуын, қызуын тудырады. Шаш өзегінің айналасында сұр түсті қабыршақтармен жабылған тығыз ашық қызыл бөртпелерімен қабыну элементтері пайда болады. Зақымдалған аймақтағы шаштар түсіп қалады.
Аурудың инкубациялық кезеңі 1 аптадан 1 айға дейінгі аралықты құрайды.
Ұйымдастырылған балалар ұйымдарында дерматомикоздың алдын алуда науқастарды ерте анықтау, оларды оқшаулау, сонымен қатар уақтылы емдеу мен жеке гигиена ережелерін қатаң сақтау маңызды орын алады.
Дерматомикозды жұқтырудың алдын алу үшін келесі ережелерді сақтау керек:
– бөгде адамдардың бас киімдерін, киімдерін, аяқ киімдерін, тарақтарын, төсек-орын жабдықтарын және керек-жарақтарды пайдаланбау;
– қаңғыбас мысықтар мен иттермен байланыста болмау;
– жануарлар байланыста болғаннан кейін, құмсалғышта ойнағаннан кейін қолды сабынмен жақсылап жуу қажет;
– моншада немесе душта үнемі жуынып тұру (аптасына кемінде бір рет);
– сүлгіні және төсек жабдықтарын ыстық суда жиі жуу, ыстық үтікпен міндетті түрде үтіктеу;
– санитариялық қағидаларға сай профилактикалық заласыздандарылу жұмыстары жүйелі түрде жүргізіліп тұратын моншаларға, сауналарға, жүзу бассейндеріне және спортзалдарға бару;
– ата-аналары балаларына қол жуу қағидаларын үйрету, қаңғыбас жануарлармен ойнамауды ескерту;
– үй мысықтары мен иттерде аурудың алғашқы белгілері пайда болысымен-ақ, оларды емдеу үшін ветеринариялық дәрігерге көрсету қажет.
Ауру анықталған кезде аурудың таралуын болдырмау үшін отбасы мүшелерін, сондай-ақ ол қарым-қатынаста болған барлық адамдарды тексеру қажет.
Егер теріде мен бас терісінде бөртпелерді байқасаңыз, дер кезінде диагноз қою және тиісті ем алу үшін медициналық ұйымдардың дерматолог дәрігерінің көмегіне жүгінуді ұсынамыз.
Кез келген ауруды емдеуден гөрі алдын алу оңай!
Железин аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-zhelezinka/press/news/details/1003882?lang=kk
Жауап қалдыру