Дұрыс тамақтанудың маңызы туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шақаман ауылындағы кітапхана-бөлімшесінде Шақаман ЖОББМ-нің 6 және 9 сынып оқушыларының қатысуымен «Балалардың сенімді дәрігері» тақырыптық күні аясында Халықаралық балаларды қорғау күніне арналған «Дұрыс тамақтанудың маңызы туралы» атты дәрігермен әңгіме өткізілді.
Іс – шараның басында кітапханашы деніңің сау болуы қаншалықты қымбат екенін адамдардың бәрі жақсы білетінін, бірақ өкінішке орай адам денсаулығының басты шарттарының бірі дұрыс тамақтану екенін бәрі бірдей біле бермейтінін айтып, бүгінгі шарада дұрыс тамақтанудың құпиялары айтылатынын атап өтті.
Шара қонақтары мейірбике Нұргүл Муксиновна Қадылбекова мен аспазшы Дана Берикказыновна Жабағытаева: салауатты өмір салты деген не, «дұрыс тамақтану» ұғымы нені білдіретінін, қандай тағамдар пайдалы және қайсысы біздің денсаулығымызға зиянды екенін айтып, мектеп жасы – өмірдің өте жауапты кезеңі екенін, сондықтан оқушының уақытылы тамақтануы мен қандай азықтарды пайдаланатыны денсаулығын сақтаудың бірден – бір кепілі екенін баса айтты.
Әңгіме жалғасында қатысушылар дұрыс тамақтанудың негізгі принциптері, соның ішінде тамақтану пирамидасы туралы ақпарат алып, жұмбақтар шешуде белсенділік танытып, дұрыс тамақтану мен салауатты өмір салтын қалай түсінетіндерін айтып, тағамның қайсысы пайдалы, қандай тағамнан бас тартқан дұрыс деген сұрақтарға жауап берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/abay-semey/press/news/details/1004543?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді