
Депутат Я. Савчинмен бірге екінші су көтеруге арналған екі резервуардың құрылысы жүзеге асырылып жатқан алаңда болдық. Көшпелі отырысқа құрылыс бөлімінің өкілдері және “АП-ИМПЭКС” ЖШС мердігерлік ұйымының өкілі қатысты.
Жобаның мақсаты – ауыз суды сақтау. Қаланы тәуліктік су қорымен қамтамасыз ету үшін әр резервуардың көлемі 5000 м3.
Бүгінгі таңда жағдай келесідей: жұмыстың 90%-ы орындалды, резервуарларды толтыру үшін құбырлар тартылды. Қазір гидроизоляция жүргізілуде. Сондай-ақ, 6 сүзгі орнатылып, су үнемі айналып тұратыны атап өтілді. Нысанды тапсыру ағымдағы жылы жоспарланған.
Біз бұл мәселені бақылауда ұстауды жалғастырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-karaganda-saran/press/news/details/1004653?lang=kk
Жауап қалдыру