
26 мамыр күні аудан әкімі Мажит Самитов мемлекеттік басқару саласының Құрметті ардагері, III дәрежелі “Еңбек даңқы” орденінің, “Ерен еңбегі үшін” мемлекеттік наградасының иегері, ауданның Құрметті азаматы Серхожа Ыдырысұлын 70 жас мерейтойымен құттықтады.
Іс-шара барысында Серхожа Ыдырысұлына облыс әкімінің құттықтау хаты, облыстық мәслихат төрағасының құттықтау хаты және Жаңақорған ауданының ең жоғары марапаты «Құрмет» грамотасы табысталып, қазақы дәстүрге сай иығына шапан жабылды.
– Мемлекеттік қызметте 40 жылдан астам еңбек ету, оның ішінде 20 жылға жуық аудан әкімінің орынбасары болып, абыроймен зейнетке шығу екінің бірінің қолынан келе бермейтін ерлік. Бұның артында үлкен еңбек, адалдық, жауапкершілік тұр.
Бүгінде қоғамдық негізде Жаңақорған кентінің ардагерлер кеңесінің төрағасы ретінде ардагерлер сенімін ақтауда” деді аудан басшысы өз сөзінде.
Жиында мерейтой иесін аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өмірсерік Тақырбасов, ауылшаруашылығы саласының ардагерлері Әбутәліп Сүйіндіков, Алмасбек Нәлібаев құттықтады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/press/news/details/1004907?lang=kk
Жауап қалдыру