
Аймақтық брендтерді дамытудағы географиялық көрсеткіштердің құқықтық қорғалуы және оның маңыздылығы туралы бизнес-қоғамдастықты ақпараттандыру мақсатында ұйымдастырылған іс-шаралар аясында, ағымдағы жылдың 23 мамырында Қостанай облысы Әділет департаментінің зияткерлік меншік құқығы бөлімінің басшысы Динара Хусаинова мен Кәсіпкерлерге қызмет көрсету орталығының менеджер-кеңесшісі Наталья Руднева Бейімбет Майлин ауданының кәсіпкерлерімен географиялық көрсеткіштерді тіркеу мәселелері бойынша кездесу өткізді.
Кездесу барысында географиялық көрсеткіштердің құқықтық қорғалуының артықшылықтары мен оны тіркемеген жағдайда туындайтын теріс салдарлар түсіндірілді. Қатысушыларға географиялық көрсеткішті Qazpatent-ке тіркеу тәртібі таныстырылды. Наталья Руднева кәсіпкерлерге көрсетілетін мемлекеттік қолдау шаралары мен бизнесті дамытуға жасалған жағдайлар туралы айтты.
Кездесу нәтижесінде сыңдарлы диалог орнап, алдағы уақытта ынтымақтастықты жалғастыру туралы шешім қабылданды.
Қостанай облысы
Әділет Департаментінің
Баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1004067?lang=kk
Жауап қалдыру