
Биыл Қазақстан Республикасының Ата Заңы – Конституциямыздың қабылданғанына
30-жылдық күнін атап өтеміз.
Конституция– әрбір азаматтың құқығы мен бостандығына кепілдік беретін, еліміздің ең басты құжаты.
Конституция дегеніміз не?
Бұл – мемлекеттің негізін қалайтын заң. Оның ішінде еліміздің басқару жүйесі, азаматтардың құқықтары мен міндеттері, заң үстемдігі мен еркіндіктері нақты жазылған.
Конституция – бәрімізге ортақ ереже. Ол бізді біріктіретін, тең ететін заң.
Конституцияның басты баптарына қысқаша шолу жасайық:
1-бап – Қазақстан өзін демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет деп жариялайды. Бұл дегеніміз, біздің елде билік халыққа тиесілі, дін мен мемлекет бөлінген, заң барлығына бірдей, ал мемлекет халықтың әл-ауқаты үшін жұмыс істейді.
2-бап – Қазақстан Республикасы – тәуелсіз мемлекет. Оның аумағы, шекарасы бөлінбейді және өзгертілмейді.
7-бап – Мемлекеттік тіл – қазақ тілі. Сонымен бірге орыс тілі мен басқа тілдердің қолданылуына да жағдай жасалады.
12-бап – Адам құқықтары мен бостандықтары – мемлекет үшін ең жоғары құндылық. Әр адамның өмір сүруге, бостандыққа, ар-намысты қорғауға құқығы бар.
14-бап – Заң алдында бәрі тең. Ешкім нәсіліне, ұлтына, дініне, жынысына, әлеуметтік жағдайына қарап кемсітілмеуі тиіс.
30-бап – Әр азамат білім алуға құқылы. Мемлекет тегін орта білім беруді қамтамасыз етеді.
34-бап – Әр адам заңдарды сақтауға және басқа азаматтардың құқықтарын құрметтеуге міндетті.
Ата Заң – елдің тірегі, тәуелсіздіктің тұғыры. Оны білу, құрметтеу және соған сай әрекет ету – әр азаматтың парызы.
Сондықтан өз құқығыңды біліп, заң аясында өмір сүріп, елге адал қызмет етуге ұмтылу қажет.
Шымкент қаласының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/1004646?lang=kk
Жауап қалдыру