Кулерді тазалау профилактикасы

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Су кулері бүгінде күнделікті өмірдің ажырамас бөлігіне айналды — үйде, кеңседе, оқу және медицина мекемелерінде. Ол ауыз суға жедел әрі ыңғайлы қолжетімділікті қамтамасыз етіп, баршаға қолайлы жағдай жасайды. Алайда, ең сенімді құрылғының да тұрақты күтімді қажет ететінін көпшілік ескере бермейді. Уақтылы профилактика жүргізілмесе, кулер тазалықтың емес, денсаулыққа қауіп төндіретін құрылғыға айналуы мүмкін.
Кез келген техника секілді, кулер де жүйелі түрде профилактикалық тазалау мен дезинфекцияны қажет етеді. Құрылғының үлгісіне қарамастан, санитарлық өңдеу кемінде жарты жылда бір рет жүргізілуі тиіс. Бұл жабдықтың қызмет ету мерзімін ұзартуға және судың сапасын сақтау кепілі бола алады.
Профилактикалық тазалау рәсімі орта есеппен 30-60 минутқа созылады және арнайы дезинфекциялық құралдармен жүргізілуі тиіс. Ең дұрысы — бұл істі санитарлық талаптар мен құрылғының ерекшеліктерін жақсы білетін мамандарға тапсыру. Бірақ қажет жағдайда негізгі тазалауды өз бетіңізше де жүргізуге болады.
Айрықша назар бөтелке қабылдағышқа аударылуы керек — бұл кулердің шаң мен патогендік микрофлора жиналуы мүмкін маңызды бөлігі. Әр бөтелкені ауыстырған сайын оны жуғыш ерітіндімен және таза ағын сумен шаю қажет. Сондай-ақ бөтелкені лас қолмен ауыстыру — бактериялар мен басқа да микроағзалардың құрылғы ішіне өтуіне себеп болуы мүмкін, бұл өз кезегінде судың сапасын айтарлықтай төмендетеді.
Уақыт өте келе құрылғының ішінде тұздық қақ пайда болуы мүмкін — бұл судың дәмі мен қасиеттеріне әсер ететін тұнба. Оны жою үшін ішкі бөлшектерді тұрақты әрі мұқият тазалау қажет.
Егер сіз профилактикалық тазалауды өзіңіз жүргізуге бел бусаңыз, келесі нұсқаулықты ұстаныңыз – кулерді электр желісінен ажыратыңыз; крандар арқылы суды толық төгіңіз; құрылғыны арнайы тазалаушы ерітіндімен толтырып, 1 сағатқа қалдырыңыз; бөтелке қабылдағыш пен крандарды шешіп алып, оларды және су ағындарын жуыңыз; ерітіндіні төгіңіз; құрылғыны бірнеше рет таза сумен шайыңыз.
Кулерге жүйелі күтім жасау — тек техникалық жағдайын сақтау емес, сонымен қатар жалпы денсаулыққа қамқорлық. Таза су — көптеген аурулардың алдын алудың негізі.
Өзіңізді және жақындарыңызды қорғаңыз — күнделікті суға қолжетімділікке жауапты құрылғының гигиенасын ұмытпаңыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-akmolinsk/press/news/details/1011185?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді