
Сауран аудандық мәслихатының кезектен тыс 32-сессиясы өтті. Сессия аудан әкімінің аппараты ғимаратының мәжіліс залында ұйымдастырылды.
Сессия жұмысына Сауран ауданы әкімінің орынбасары Серік Садибаев, аудандық мәслихаттың депутаттары мен ауылдық округ әкімдері, дербес бөлімдердің басшылары және БАҚ өкілдері қатысты.
Күн тәртібінде екі мәселе қаралды. Сауран ауданы бойынша ұялы байланыс және интернет желісін жақсарту шаралары туралы. Бұл мәселе бойынша аудан әкімінің аппаратына қарасты ақпараттандыру және мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің басшысы Асқар Дайрабаев баяндама жасады. Ол аудандағы интернет және ұялы байланыс сапасына қатысты атқарылып жатқан жұмыстар мен жоспарлар туралы жан-жақты ақпарат берді. Депутаттар тарапынан бірқатар сұрақтар қойылып, нақты ұсыныстар берілді.
2025–2027 жылдарға арналған ауылдық округтердің бюджетіне өзгерістер енгізу туралы.
Бұл жөнінде аудандық экономика және қаржы бөлімінің басшысы Ильяс Сұлтанғалиұлы Мырзахметов баяндама жасады. Ол ауылдық округтер бюджетінің кейбір баптарына нақтылау енгізу қажеттігін атап өтіп, жобаны депутаттардың талқысына ұсынды.
Сессия барысында халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға бағытталған нақты ұсыныстар мен шешімдер қабылданды. Депутаттар күн тәртібіндегі мәселелерді бірауыздан мақұлдап, тиісті шешімдер қабылдады.
Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1004736?lang=kk
Жауап қалдыру