Мемлекеттік қызметшілердің салықтық сауаттылығын арттыру туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі ұлттық орталықта Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің өкілдерімен орталық қызметкерлерінің кездесуі өтті.

Іс-шара әдеп жөніндегі уәкілдердің 2025 жылға арналған Үлгілік жұмыс жоспарын іске асыру аясында ұйымдастырылды.

Кездесу барысында есепті кезеңге арналған салық декларациясын әзірлеу және тапсыру мәселелері талқыланды. Уәкілетті орган өкілдері салық заңнамасындағы соңғы өзгерістерді, декларацияны электрондық түрде тапсыру тәртібін, сондай-ақ есептілікті уақытында немесе дұрыс тапсырмағаны үшін көзделген жауапкершілік шараларын кеңінен түсіндірді. Қатысушылар өзекті сұрақтарға жауап алды.

Мұндай кездесулер құқықтық мәдениетті қалыптастыруға, сенімді нығайтуға және мемлекеттік қызметшілер арасында салықтық сауаттылықты арттыруға ықпал етеді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-karaganda-oblysy/press/news/details/1011363?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді