Облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің және оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілеріне «Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі зайырлылық және діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбына семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

       Ағымдағы жылдың 23 мамырында Павлодар қаласы мемлекеттік кірістер басқармасының Жеңіс алаңы, 5А көшесіндегі мәжіліс залында Павлодар облысы бойынша мемлекеттік кірістер департаменті басшысының орынбасары М. Бейсеновтың қатысуымен, облыстық ақпараттық-түсіндіру тобының мүшесі, дін істері басқармасының басшысы Б. Қаппасов облыстық мемлекеттік кірістер департаментінің және оның аумақтық бөлімшелерінің мемлекеттік қызметшілеріне «Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі зайырлылық және діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбына семинар өткізді.

      Аталған іс-шара мемлекеттік құрылымдардың қызметкерлерін деструктивті діни ағымдарға тартудың, сондай-ақ мемлекеттік қызметте зайырлылықтың сақталуының алдын алуға бағытталған.

      Басқарма басшысы Б. Қаппасовтың сөз сөйлеуі барысында семинарға қатысушылар үшін слайдтар мен келесі қысқа бейнероликтерін «Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі зайырлылық және діни экстремизмнің алдын алу», «Бала», «Ақтөбе»  көрсетті. Семинар соңында мемлекеттік қызметшілермен диалог өтті. Департамент қызметкерлеріне барлық сұрақтарға жауаптар мен түсініктемелер берілді, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілерге конфессияаралық қатынастарды талдау және дамыту орталығының дін мәселелері бойынша қолданыстағы сенім телефоны 62-01-01, 8-707-962-01-01 туралы ақпарат берілді.

      Семинарға департаменттің және оның аумақтық бөлімшелерінің 205 қызметкері қатысты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-din/press/news/details/1004734?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді