Өскеменде ТЖД қызметкерлері марафонға қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Төтенше жағдайлар қызметкерлері салауатты өмір салтын ұстанып, жарыстар мен спорттық сайыстарға белсене қатысады. Бұл жолы олар ауқымды жүгіру марафонына қатысты. Ақпараттандыру, цифрландыру және байланыс бөлімінің бастығы Нұржан Каримов пен оның әріптесі Олжас Қалиолданов 10 шақырым жүгіріп өтті, ал мемлекеттік өртті бақылау басқармасының аға инженері Азамат Құмарбеков – 5 шақырымды еңсерді. Олар Шығыс Қазақстанның ең көрікті қалаларының бірі – Өскеменнің орталық көшелері мен жағалауымен жүгіріп өтті.

Марафонға 2000-нан астам адам қатысты. ТЖД қызметкерлері жоғары нәтиже көрсетіп, 10 шақырымды 1 сағатта, ал 5 шақырымды 31 минутта жүгіріп өтіп, дипломдар мен медальдармен марапатталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-vko/press/news/details/1004740?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді