Омбудсмен AIF аясында өткен Еуропа Кеңесінің сайд-ивентіне қатысты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкіл Артур Ластаев Астана халықаралық форумы аясында Еуропа Кеңесінің ұйымдастыруымен өткен сайд-ивентке қатысты.

Іс-шара тақырыбы – «2024–2027 жылдарға арналған көршілік саясаты шеңберінде Қазақстан мен Еуропа Кеңесі ынтымақтастығының басымдықтары». Талқылау аясында құқық үстемдігі, адам құқықтарын қорғау және институционалдық даму мәселелерін қамтитын кең ауқымды тақырыптар қозғалды.

Талқылауға Конституциялық Соттың, Бас прокуратураның, Ішкі істер, Мәдениет және ақпарат, Сыртқы істер министрліктерінің, Қаржылық мониторинг агенттігінің және Сот әкімшілігінің өкілдері қатысты.

Сайд-ивент құқық саласындағы халықаралық ынтымақтастықтың өзекті мәселелері бойынша пікір алмасуға және Қазақстан мен Еуропа Кеңесі арасындағы диалогты нығайтуға арналған маңызды алаң болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-karaganda-oblysy/press/news/details/1011366?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді