Омюудсменнің Маңғыстау облысы бойынша өкілі Үштаған ауылының тұрғындарымен кездесу өткізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 21 мамырда Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Маңғыстау облысы бойынша өкілі А. Кужиев облыс әкімдігі жанындағы комиссия құрамында Маңғыстау ауданының Үштаған ауылына барды.

Сапар аясында ауыл тұрғындарымен кездесу өтті. Кездесу барысында А. Кужиев жиналғандарға Уәкілдің қызметі, Адам құқықтары жөніндегі уәкіл институтының жұмысы мен нәтижелері туралы кеңінен айтып берді, сондай-ақ адамның негізгі құқықтары мен бостандықтары жөнінде түсіндірме жасады.

Кездесу ашық әрі сындарлы форматта өтті. Ауыл тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, білікті жауаптар алды. Бұл өз кезегінде өңірдегі құқықтық сауаттылық пен құқықтық мәдениетті нығайтуға септігін тигізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-mangystau-oblysy/press/news/details/1004838?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді