Пән мұғалімдері қауымдастығының қорытынды отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 21 мамыр күні Өскемен қаласы білім бөлімінің «№47 жалпы білім беретін мектеп» КММ базасында пән мұғалімдері қауымдастығының қорытынды отырысы өтті.

Отырыстың тақырыбы: «2024–2025 оқу жылында атқарылған жұмыстардың талдауы. Жаңа оқу жылына қойылатын міндеттер».

Іс-шараға тілдік пәндер бойынша әдістемелік бірлестік жетекшілері мен орыс тілі мен ағылшын тілі пән3 мұғалімдері қатысты.

Отырыста қауымдастықтың ағымдағы оқу жылындағы қызметі қорытындыланып, әдістемелік және оқу жұмыстарының нәтижелері талданды. Қатысушылар білім беру үдерісін ұйымдастырудағы елеулі жетістіктерді атап өтіп, табысты тәжірибелерді ортаға салды, сондай-ақ даму бағыттарын айқындады.

2025–2026 оқу жылына  арналған басым бағыттар мен негізгі міндеттерді айқындауға ерекше назар аударылды. Негізгі басымдықтар ретінде пәндік қауымдастықтар арқылы педагогтер арасындағы кәсіби өзара іс-қимылды нығайту, пәнаралық интеграцияны дамыту және мұғалімдерге әдістемелік қолдаудың сапасын арттыру мәселелері белгіленді.

Отырыстың өзара пікір алмасу мен сындарлы диалог алаңы ретінде өткені, педагогтердің кәсіби өсуі мен білім беру саласындағы стратегиялық жоспарлау үшін маңызды алаңға айналғаны атап өтілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/oouk/press/news/details/1004960?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді