
Павлодар облысының прокуратурасы кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау және алимент өндіру бойынша белсенді жұмысын жалғастыруда.
Прокуратураның үйлестіруімен алиментті қасақана төлемеген азаматқа қатысты Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Оның қарызы 7 миллион теңгеден асты.
Сот отырысы ашық түрде өтіп, көрсетілімдік сипатта болды. Процеске алиментті қасақана төлемеген бірқатар тұлғалар арнайы шақыртылып, өз міндеттерінен жалтарудың салдарын көзбен көрді.
Сот үкімімен айыпталушыға 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды.
Прокуратура кәмелетке толмаған балаларды асырауға арналған алименттерді төлемегені үшін Қылмыстық кодекстің 139-бабы бойынша 2 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделгенін еске салады.
Павлодар облысы прокуратурасының сайтына сілтеме:
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-pavlodar/press/news/details/1004357?lang=kk
Жауап қалдыру