ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ КЕҢЕСШІСІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРМЕН ТАНЫСТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ПРЕМЬЕР-МИНИСТРДІҢ КЕҢЕСШІСІ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ ӨҢІРЛІК ИНВЕСТИЦИЯЛЫҚ ЖОБАЛАРМЕН ТАНЫСТЫ

✔️ Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің кеңесшісі Ермек Маржықпаев Түркістан облысына жұмыс сапарымен келді. Сапар барысында ол Сауран ауданында орналасқан және өңірдегі маңызды инвестициялық жобалар шоғырланған «SPK TURKISTAN» өндірістік паркін аралап көрді.

✔️Іссапарға облыс әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасов қатысып, өндірістік аймақтың даму барысымен таныстырды. Ал «СПК «Түркістан» АҚ басқарма төрағасы Данияр Бектұрғанов өндіріс паркі жұмысы туралы жан-жақты баяндап берді.

✔️Кеңесші сапар барысында көкөніс сақтау қоймасының жұмысымен де танысты. Мұнда 3,5 мың тонна көкөніс пен 500 тонна бакалея өнімдерін сақтауға мүмкіндік бар. Қойма Түркістан, Кентау және Арыс қалаларын маусымаралық кезеңде азық-түлікпен қамтамасыз етуге бағытталған.

✔️Сондай-ақ, жаңбырлатып және тамшылатып суару жүйелерін шығаратын «BNK Group» серіктестігінің өндіріс цехтары көрсетілді. Бұл кәсіпорын америкалық «Nelson Irrigation» компаниясымен бірлесіп, «BNK IRRIGATION» брендімен айналмалы және фронтальды жаңбырлатқыш машиналарды шығарады.

✔️Премьер-министрінің кеңесшісі өндірістік алаңда орналасқан білім беру мекемелеріне арналған жиһаз өндіретін «Aqniet Holding» кәсіпорнының өнімдерімен танысты. Соңғы үш жылда бұл компания 50-ге жуық мектепті қажетті жиһазбен жабдықтаған. Мұнда «Жайлы мектеп» стандартына сәйкес жиһаздар, сондай-ақ «KAZMEDPRIBOR» компаниясымен бірлесіп, медицина мекемелеріне арналған жабдықтар жасалады.

✔️Сапар соңында Ермек Маржықпаев тоңазытқыш және мұздатқыш жабдықтарын өндіретін «Jasyl suyq Qazaqstan» кәсіпорнының өндірістік алаңына барды. Жаңа технологиямен жабдықталған бұл кәсіпорын ішкі нарықты сапалы отандық өніммен қамтамасыз етуге үлес қосып отыр. Бұл іссапар Түркістан облысында жүзеге асырылып жатқан индустриялық жобалардың ауқымын айқындап, мемлекет тарапынан көрсетіліп отырған қолдаудың нақты нәтижесін көрсетті.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

————–

СОВЕТНИК ПРЕМЬЕР-МИНИСТРА ОЗНАКОМИЛСЯ С РЕГИОНАЛЬНЫМИ ИНВЕСТИЦИОННЫМИ ПРОЕКТАМИ ТУРКЕСТАНСКОЙ ОБЛАСТИ

✔️С рабочим визитом в Туркестанскую область прибыл советник Премьер-министра Республики Казахстан Ермек Маржыкпаев. В рамках поездки он посетил индустриальный парк «SPK TURKISTAN», расположенный в Сауранском районе, где сосредоточены важнейшие инвестиционные проекты региона.

✔️В поездке также принял участие первый заместитель акима области Зулфухар Жолдасов, который ознакомил с ходом развития промышленной зоны. Председатель правления АО «СПК «Туркестан» Данияр Бектурганов подробно рассказал о работе производственного парка.

✔️Советник ознакомился с деятельностью овощехранилища, где можно хранить до 3,5 тысяч тонн овощей и 500 тонн бакалейной продукции. Объект предназначен для бесперебойного продовольственного снабжения в межсезонье городов Туркестан, Кентау и Арыс.

✔️Были также представлены производственные цеха компании «BNK Group», выпускающей системы дождевого и капельного орошения. Совместно с американской компанией «Nelson Irrigation» они под брендом «BNK IRRIGATION» производят круговые и фронтальные дождевальные установки.

✔️Ермек Маржыкпаев ознакомился с продукцией компании «Aqniet Holding», расположенной в производственной зоне, которая занимается выпуском мебели для учебных заведений. За последние три года компания оснастила мебелью около 50 школ. Кроме того, в сотрудничестве с «KAZMEDPRIBOR» здесь производятся изделия для медицинских учреждений в соответствии со стандартами программы «Комфортная школа».

✔️В завершение визита советник посетил производственную площадку компании «Jasyl Suyq Qazaqstan», выпускающей холодильное и морозильное оборудование. Предприятие, оснащённое современными технологиями, вносит вклад в обеспечение внутреннего рынка качественной отечественной продукцией.

Эта рабочая поездка позволила наглядно оценить масштаб индустриальных проектов, реализуемых в Туркестанской области, и результаты государственной поддержки.

Пресс-служба акима Туркестанской области

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-otyrar-baltakol/press/news/details/1004532?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді