Қарабұлақ ауылында модульдік спорт залдың құрылысы басталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарабұлақ ауылында модульдік спорт залдың құрылысы басталды. Жобаның тапсырыс берушісі – Алакөл ауданының құрылыс, сәулет және қала құрылысы бөлімі.

Модульдік құрылыс технологиясы ауылдық жерлерде спорт инфрақұрылымын тез әрі тиімді дамытуға мүмкіндік береді. Бұл спорт кешені ауыл жастары мен тұрғындарының салауатты өмір салтын ұстануына қолайлы жағдай жасайды.

Мақсат – ауыл тұрғындарына, әсіресе жастарға, спортпен шұғылдануға қолжетімді орта қалыптастыру және ауылдық өңірлердің спорттық әлеуетін арттыру.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-zhanama/press/news/details/1004078?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді