Қоғамдық кеңес отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қоғамдық кеңес отырысы өтті.

 

    Шу ауданының қоғамдық кеңесінің 2025 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес үстіміздегі жылдың 03 маусым  күні  кеңес отырысы өтті.

     Отырысқа  аудан әкімінің орынбасары Н.К.Сұлтанбаев мәслихат төрағасы Ж. Әбенов,  кеңес мүшелері, қала, ауыл әкімдері және БАҚ өкілдері қатысты.

Қоғамдық кеңес отырысын кеңес төрағасы Т.Әрістеев жүргізіп отырды.

Кеңес отырысының күн тәртібінде 2 мәселе қаралды: «Денсаулық сақтау саласы бойынша халыққа қолжетімді сапалы дәрігерлік көмек көрсету жұмыстарының жәйі туралы», және «Аудан  әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімімен көрсетілетін мемлекеттік қызмет түрлері бойынша 2024 жылғы атқарған жұмыстары туралы»

        Күн тәртібіндегі  бірінші мәселе бойынша Шу аудандық орталық ауруханысының бас дәрігері Ж.Айтишев, Шу көпбейінді орталық ауруханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы М.Жүсіпбекова, Шу қалалық емханасы бас дәрігерінің міндетін атқарушы Г.Іңкәрбекова хабарламалар  жасады.

Хабарламаларды  қарау және талқылау барысында қеңес төрағасы Т.Әрістеев және кеңес мүшелері Б.Қарғабаев, Ж.Чекеав, Қ.Қораласбаев, С.Абдуманапов, мәслихат төрағасы Ж.Әбенов  сауалдар қойып, тиімді ұсыныстар айтты.

 Күн тәртібіндегі  екінші мәселе бойынша аудан әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламала бөлімінің басшысы Г.А.Керімбаева есеп берді.

Мәселелерді қарау мен талқылаудың қортындысы бойынша кеңес отырысы  тиісті ұсынымдар қабылдады.

Осымен кеңес отырысы өз жұмысын аяқтады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-shu/press/news/details/1011405?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді