
2025 жылы 20 мамыр күні Уәлиханов аудандық Қоғамдық кеңесінің кезекті отырысы өтті. Қоғамдық кеңес төрағасы Сайран Кенжетайұлы Ташкиннің төрағалығымен өткен отырысқа қоғамдық кеңес мүшелері мен бөлім басшылары қатысып, күн тәртібінде келесі мәселелер қаралды:
- 2024 жылғы аудан бюджетінің орындалуы туралы;
- Ауданда мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастыру туралы;
- Кішкенекөл ауылдық округінің бюджетін бөлу және тиімді пайдалану туралы;
- Ауданның мемлекеттік кірістер басқармасының салық салынатын базаны кеңейту бойынша жүргізіп жатқан жұмысы туралы;
- Жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламар бөлімінің мемлекеттік қызметтер көрсету саласындағы 2024 жылғы 12 айдағы жұмыс қорытындылары туралы.
Ауданның қоғамдық кеңесінің мүшелері күн тәртібіндегі мәселелерді талқылауға белсене қатысып, бірқатар ескертулер мен ұсыныстар айтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ualmaslihat/press/news/details/1004903?lang=kk
Жауап қалдыру