«Заң және Тәртіп» қағидаты шеңберінде қала прокуратурасының үйлестіруімен қоғамдық орындарда темекі өнімдерін тұтыну фактілерін анықтауға рейдтік іс-шаралар жүргізілді.
Рейдтік іс-шаралар барысында кальян тұтынғаны үшін 23 азамат және 5 мекеме иелері әкімшілік жауаптылыққа тартылды. Сондай-ақ мекемелерден 15 кальян аппараттары алынды.
Қала прокуратурасы осы бағыттағы құқық бұзушылықтарды алдын алу және бақылау бойынша жұмыстарды одан әрі жалғастырады.
Шымкент қаласының прокуратурасы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/1004923?lang=kk
Жауап қалдыру