
Құрметті жітіқаралықтар!
Сіздерді Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
4 маусымда бүкіл елімізбен бірге маңызды мереке – 1992 жылы бекітілген Мемлекеттік рәміздер: Ту, Елтаңба және Гимн күнін атап өтеміз. Бұл рәміздер Тәуелсіздігіміздің ажырамас бөлігі болып табылады, Отанға деген мақтанышты, патриоттықты, бірлікті және гүлденуге деген ұмтылысты білдіреді.
Мемлекеттік рәміздер ең толқулы әрі салтанатты сәттерде рухымызды жігерлендіреді – халықаралық жарыстарда, ресми іс-шаралар мен мерекелер кезінде Әнұранымыз шырқалып, көк Туымыз көтерілгенде жүрегімізді мақтаныш сезімі баурайды.
Елімізге деген мақтаныш, оның рәміздері мен тарихына деген құрмет болашақ ұрпақтың берік іргетасы болсын.
Ел үшін айтулы күні баршаңызға бейбітшілік, жақсылық пен бақ-береке тілеймін!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhitikarin-audany-akimat/press/news/details/1011265?lang=kk
Жауап қалдыру