САРЫАҒАШ: ЕРТЕ ПІСЕТІН КАРТОПТЫ ЖИНАУ БАСТАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Биыл Сарыағаштық шаруалар 2,1 мың га жерге ерте пісетін картоп өнімін егіп, қазіргі уақытта өнім жинауға кірісіп кетті. Шаруалар өз кезегінде еткен еселі еңбектерінің нәтижесінде азық – түлік қауіпсіздігіне өз үлестерін қосып келеді.

Биыл ауданда жалпы 75,7 мың га егістік жерге егін егілді. Оның ішінде: 51,1 мың га астық – бұршақты және майлы дақылдар (бидай – 40,5 мың га, жүгері – 1,5 мың га, арпа – 7,9 мың га, күнбағыс –224 га, мақсары – 910 га), 479 га бақша, 2,1 мың га картоп, 10,6 мың га көкөніс, 11,5 мың га мал азығы.

Қазіргі таңда,ерте пісетін картоп алқаптары ауданға қарасты Қабланбек, Құркелес,Жарты төбе және Тегісшіл ауылдық округтерінде орналасқан.

Сарыағаш ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-saryagash/press/news/details/1005010?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді