ШҚО-да шілде айының соңына дейін әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарлары бекітілген бағамен сатылады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Шығыс Қазақстан облысында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының (ӘМАТ) бағасын тұрақтандыру бағдарламасы аясында «Ертіс» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясының сауда павильондарында (Стабфонд дүңгіршектері) маусымаралық кезеңге арналған көкөніс пен бакалея өнімдері бекітілген бағамен сатылуда.
31 шілдеге дейін келесі өнімдер тұрақты бағамен ұсынылады: картоп – 263 тг/кг, сәбіз – 185 тг/кг, пияз – 145 тг/кг, қырыққабат – 263 тг/кг.
Сондай-ақ, жыл соңына дейін тұрақтандыру бағасымен сатылатын өнімдер: қарақұмық жармасы – 181 тг/кг, күріш – 432 тг/кг, қант – 417 тг/кг, өсімдік майы – 720 тг/кг, макарон өнімдері – 305 тг/кг.
– Маусымаралық тұрақтандыру шаралары көкөніс бағасының дәстүрлі түрде көтерілетін кезеңінде халықты қолдауға бағытталған. Көктемде егіс жұмыстары кезінде нарықтағы өнім көлемі азайып, бұл жекелеген тауар түрлерінің қымбаттауына әкеледі, – деп түсіндірді «Ертіс» ӘКК өкілдері.
Тамыз, қыркүйек және қазан айларында, ауыл шаруашылығы өндірушілері мен саяжай иелері нарыққа белсенді түрде өнім жеткізетін кезеңде, тұрақтандыру бағасымен сату уақытша тоқтатылады. Бұл жергілікті өндірушілерге өз өнімдерін еркін өткізуге мүмкіндік беру үшін жасалады.
Биылғы жылдың 1 қарашасынан келесі жылдың мамыр айына дейін бағаны тұрақтандыру бағдарламасының күзгі-қысқы кезеңі қайта басталады. Қазіргі уақытта әлеуметтік маңызы бар азық-түлік, соның ішінде көкөніс өнімдерін жеткізу бойынша келісімшарттар жасалған. Бұл алдағы маусымда бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, келесі көктемге арналған тауарлық қорлар да қарастырылған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimvko/press/news/details/1004975?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді