Шығыс Қазақстан облыс әкімі Н.Сақтағановтың халықаралық және республикалық кезең жеңімпаздарын құттықтау рәсіміне Тарбағатай ауданы бойынша білім беру ұйымдарының оқушылары қатысты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Шығыс Қазақстан облысы Өскемен қаласында Республика алаңында облыс әкімі Н.Сақтағановтың Шығыс Қазақстан облысының халықаралық және республикалық кезең жеңімпаздарын құттықтау рәсімі өтті.
Жалпы бұл шараға облыс бойынша 170 тен астам оқушы қатысты.Тарбағатай ауданының атынан құттықтау кешіне республикалық кезең жеңімпаздары:
📚Жамбыл мектеп-балабақшасы кешенінің 10 сынып оқушысы Алмаз Қарақат,
📚Ақмектеп орта мектебінің оқушылары Жанатова Жайна мен Қуаныш Еңлік және
📚Ш. Уәлиханов атындағы орта мектебінің 7 сынып оқушысы Кеңесова Айзада қатысты.
Облыс әкімінің қолынан Республикалық кезеңнен жүлделі 🏆2 орын иегерлері 75 мың, 🏆3 орын иегерлері 50 мың теңге ақшалай сертификаттарымен марапатталды.
Алғыс хат пен сертификат иегерлерін шын жүректен құттықтаймыз. Жарайсыздар!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tarbagatay-roo/press/news/details/1011244?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді