Шымкент қаласының прокурорлары 290 мектепте түсіндіру жұмыстарын жүргізді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Оқу жылының аяқталуына байланысты прокуратура мен
полиция «Заң мен Тәртіп» қағидаты аясында қала
аумағындағы 290 мектепте ауқымды түсіндіру жұмыстарын
жүргізді.
 Бұл күн – мектеп бітіруші түлектердің өмір жолындағы
ерекше сәт.
Осыған байланысты прокурорлар мен полиция
қызметкерлері оларға ыстық лебіздерін білдіріп, заң мен
тәртіпке бағыну жарқын болашақтың кепілі екендігін атап өтті.
  Бұл бастама – оқушылардың құқықтық мәдениетін
арттыруға, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге
бағытталған жүйелі жұмыстың бір бөлігі болып табылады.
  Біз түлектердің алдағы өмір жолында жауапкершілікті
сезіне алатын, әділеттілік пен заңға адалдық танытатын,
елінің өркендеуіне өз үлесін қосатын тұлға болып
қалыптасатынына сенеміз!

#Заң_мен_Тәртіп

Шымкент қаласының прокуратурасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-shymkent/press/news/details/1004932?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді