
Атырауда техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының студенттері арасында кәсіби шеберлікті дамытуға бағытталған «WorldSkillsAtyrau — 2025» чемпионатының ашылу салтанаты өтті.
Байқауға Атырау облысындағы 20 колледжден 170-тен астам студент қатысуда. Олар 44 құзыреттілік бойынша сынға түспек. Чемпионат 27-29 мамыр аралығында облыстағы 10 колледж базасында өтеді.
-Биылғы чемпионат – өңірде оныншы рет ұйымдастырылып отырған айтулы дода.
Басты мақсат – жастардың жұмысшы мамандықтарға деген қызығушылығын арттыру, білікті кадрлар даярлауды насихаттау және өндірістік әлеуетті күшейту. Мемлекет басшысының 2025 жылды «Жұмысшы мамандықтар жылы» деп жариялауына байланысты биылғы чемпионаттың маңызы ерекше,- деді Атырау облысы Білім беру басқармасы басшысының орынбасары Света Аманшиева.
Салтанатты жиын WorldSkills әнұранымен қорытындыланып, марапаттау рәсіміне шақырумен аяқталды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-bilim/press/news/details/1004581?lang=kk
Жауап қалдыру