Су ресурстары және ирригация министрлігінің өткен аптадағы жаңалықтарына шолу

Жарияланды:

Автор:

категорияда

19.05
Қызылорда облысы
Су үнемдеу үшін Қызылорда облысында 60 мың гектарға жуық күріш алқабы лазермен тегістелді. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Қызылорда облысының диқандарымен кездесті.

19.05
ШҚО
Су ресурстары және ирригация министрлігі сатып алып берген жаңа арнайы техниканың көмегімен Шығыс Қазақстан облысындағы «Қазсушар» филиалы 1990-жылдардан бері тазаланбаған каналдарды механикалық жолмен тазартты. Бұл жұмыстар Зайсан, Ақжар және Күршім өндірістік учаскелерінде жүргізілді.

20.05
Қызылорда облысы
Қызылорда облысының Жалағаш ауданында Сырдария өзені бассейніндегі ирригациялық және дренаждық жүйелерді қайта жаңғырту жұмыстары аяқталды. Барлығы 1362,2 шақырым канал қайта жаңғыртылып, 14 617 шағын гидротехникалық нысан ауыстырылып, жаңадан салынды.

21.05
Астана
Су ресурстары және ирригация министрлігі елдегі су ресурстарын пайдалану жөніндегі жыл сайынғы Ұлттық есепті жариялап отырады.

22.05
Астана
Су ресурстары және ирригация министрлігі құрылғаннан бері халықаралық серіктестермен 4 келісім мен 19 меморандумға қол қойды.

23.05
ҚХР
Су ресурстары және ирригация министрі ҚХР-ға жұмыс сапарымен барды. Қытайдың Чэнду қаласында өткен Үлкен бөгеттер жөніндегі халықаралық комиссияның (ICOLD) 28-ші конференциясы аясында Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов Power China компаниясының бас директоры Ван Биньмен кездесті.

23.05
Астана
Жаңа Су кодексіне сәйкес, су пайдаланушылар ауыл шаруашылығы қажеттіліктері үшін еріген қар суын арнайы рұқсатсыз өз бетінше жинай алады. Бұл үшін көлемі 2 млн текше метрден аспайтын тоған, су қоймасы немесе өзге де қойма салу қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/water/press/news/details/1003852?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді