
⚜️Суға шомылу маусымының басталуына байланысты тұрғындардың өмірі мен денсаулығын қорғау мақсатында қауіпсіздік талаптарын сақтау туралы түсіндіру жұмыстары өтті.
⚜️Іс-шара аясында мамандар судағы қауіпті жағдайлардың алдын алу, балаларды қараусыз шомылудан қорғау және рұқсат етілмеген жерлерде суға түспеу сынды негізгі ережелерді түсіндірді.
⚜️Сонымен қатар, қатысушыларға қауіпсіз шомылу техникасы мен сақтандыру қағидалары бойынша арнайы жадынамалар таратылды.
Қарақия ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-karakiya/press/news/details/1003810?lang=kk
Жауап қалдыру