«Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңінің ҚОРЫТЫНДЫСЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
«Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңінің ҚОРЫТЫНДЫСЫ
📆2025 жылғы 21 мамырда Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының Дарындылық пен қосымша білім беруді дамытудың Шығыс Қазақстан ғылыми-әдістемелік «Дарын» орталығы «Театрдың ғажайып әлемі» театр өнерінің республикалық фестиваль-байқауының облыстық кезеңін өткізді.
⚜️Фестиваль-байқаудың мақсаты: өскелең ұрпақты рухани-адамгершілік, эстетикалық тәрбиелеу, тұлғаның үйлесімді дамуы факторы ретінде балалармен жастар арасында театр шығармашылығын қолдау және дамыту, өз ойын білдіру, әлемді эстетикалық және бейнелі тануына ерекше қабілеттерін қалыптастыру және дамыту.
Фестиваль-байқаудың облыстық кезеңіне жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының аудандық (қалалық) кезеңдерінің және дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектептердің жеңімпазы болған театр ұжымдары қатысты.
Фестиваль-байқау 4 номинация бойынша өткізілді:
1) «Драмалық спектакль»;
2) «Музыкалық спектакль» (опера, оперетта, мюзикл, данс-спектакль);
3) «Әдеби-музыкалық композиция»;
4) «Қуыршақ театры».
Фестиваль-конкурс қорытындысы бойынша
🏆ІІ орын – Тарбағатай ауданы, Қ. Сәтпаев атындағы Шеңгелді мектеп-бөбекжай-балабақша кешенінің «Шабыт» театр ұжымы;
🏆ІІ орын – Тарбағатай ауданы, М. Әуезов атындағы Ақжар мектеп-интернат-колледжінің «Болашақ» театр ұжымы;
Аудан намысын қорғаған жеңімпаздарды құттықтаймыз және жетекшілеріне алғыс айта отырып шығармашылық шабыт пен кәсіби жетістік тілейміз! Жарайсыздар!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tarbagatay-roo/press/news/details/1011234?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді