Темекі өнімдерін және алкоголь өнімдерін сату туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Құрметті Уәлиханов ауданының кәсіпкерлері!

 

Темекі өнімдері мен алкоголь өнімдерін өткізу саласындағы әкімшілік құқық бұзушылықтарды болдырмау мақсатында Уәлиханов ауданының прокуратурасы аудан әкімдігінің кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімімен бірлесіп Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасының нормаларын сақтау қажеттігі туралы хабарлайды.

“Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК) 133 – бабының 1-тармағына сәйкес он сегіз жасқа толмаған адамдардың темекіні және темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді сатуы – жеке тұлғаларға – он бес, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – жиырма бес, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне жүз айлық есептiк көрсеткiш мөлшерiнде айыппұл салуға алып келеді.

Көрсетілген іс-әрекет әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалған жағдайда, – жеке тұлғаларға – отыз, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – елу, орта кәсіпкерлік субъектілеріне-сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-екі жүз айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады (ҚР ӘҚБтК 133-бабының 2-тармағы).

 

Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасында алкоголь өнімдерін қай уақытта сатуға болатынына қатысты шектеулер белгіленген.

 

“Әкімшілік құқық бұзушылық туралы” Қазақстан Республикасы Кодексінің (бұдан әрі – ҚР ӘҚБтК) 200-бабының 3-тармағына  сәйкес мейрамханаларда, барларда және дәмханаларда, сондай-ақ жолаушылар тасымалдайтын әуе кемелерінде, жолаушылар тасымалдайтын теңіз көлігі кемелерінде, жолаушылар пойыздарының вагон-мейрамханаларында өткiзудi қоспағанда, алкоголь өнiмiн:

  сағат 23-тен келесі күнгі сағат 8-ге дейiн;

  этил спиртінің көлемді үлесі отыз пайыздан асатындарын сағат 21-ден келесі күнгі сағат 12-ге дейін бөлшек сауда арқылы өткiзу.

 

Белгіленген уақытта алкогольді сату үшін қандай жауапкершілік жүктелген?

 

ҚР ӘҚБтК 200-бабы 3-тармағының талаптарын бұзғаны үшін жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде лицензияның қолданылуын тоқтата тұра айыппұл салу көзделген.

Рұқсаттың қолданысын тоқтата тұру мерзімі бір айдан кем болмауға және алты айдан аспауға тиіс (ҚР ӘҚБтК 47-бабының                          2-тармағы).

Егер аталған іс-әрекет әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалса, – лицензиядан айыра отырып, жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне бір жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады(.ҚР ӘҚБтК 200-б. 4 т.).

 

Заңнама жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімдерін сатуға тыйым салуды белгілейді.

 

“Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы” Қазақстан Республикасы кодексінің 110-бабының 18-тармағына сәйкес алкоголь өнімді сату кезінде алкогольді өніммен сауданы жүзеге асыратын адамдар сатып алушының жиырма бір жасқа толғанына күмән туындаған жағдайда:

      1) жеке басты куәландыратын құжатты көрсетуді талап етуге;

      2) егер жеке басты куәландыратын құжат көрсетілмесе, алкогольді өнімді сатудан бас тартуға міндетті.

 

Жиырма бір жасқа толмаған сатып алушыға алкоголь өнімін сатқаны үшін қандай жауапкершілік белгіленген?

 

Жиырма бір жасқа дейінгі адамдарға алкоголь өнімін сатқаны үшін жеке тұлғаларға – он, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – қырық, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-жүз жиырма айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде лицензияның қолданылуын тоқтата тұра айыппұл салу көзделген (ҚР ӘҚБтК 200-б.              1-т.).

Егер аталған іс-әрекет әкімшілік жаза қолданылғаннан кейін бір жыл ішінде қайталап жасалса, лицензиядан айыра отырып, Жеке тұлғаларға – жиырма, шағын кәсіпкерлік субъектілеріне – сексен, орта кәсіпкерлік субъектілеріне – жүз қырық, ірі кәсіпкерлік субъектілеріне-жүз сексен айлық есептік көрсеткіш мөлшерінде айыппұл салуға әкеп соғады (ҚР ӘҚБтК 200-б. 2-т.).

 

Құрметті аудан кәсіпкерлері, темекі өнімдерін және (немесе) алкоголь өнімдерін заңсыз сатуға жол бермеулеріңізді сұраймыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ualikhanov-opredshivet/press/news/details/1004747?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді