«Таза Қазақстан» экологиялық бағдарламасы аясында Төлеби ауданында жалпыаудандық сенбілік тұрақты түрде өткізілуде. Бүгін, кезекті тазалық шарасы “Таза табиғат” кезеңі негізінде Қаратөбе ауылдық округі, Балдыберек өзенінің бойында өтті.
Сенбілікке аудан әкімінің орынбасары Лесбек Әуезханұлы бастаған мемлекеттік қызметшілер, жастар, еріктілер, мекеме қызметкерлері және тұрғындар белсене қатысты. Табиғат жанашырлары өзен жағалауын, саябақ маңын, көшелерді, ауыл маңайын, аулаларды және басқа да қоғамдық орындарды қоқыстан тазартты.
Қоршаған ортаны тазарту, табиғатты қорғау және тұрғындардың экологиялық мәдениетін арттыру мақсатындағы сенбілікте 1 мыңнан астам белсенділер 22 шақырым Балдыберек өзен бойын тазалап, 27 тонна қоқысты 15 техниканың көмегімен арнайы орынға жеткізді.
Төлеби ауданында “Таза Қазақстан” республикалық бағдарламасының мақсатын түсіндіруге арналған экологиялық акциялар, семинар және балаларға арналған танымдық шаралар ұйымдастырылуда. Бұл халықты табиғатты аялауға шақырып, экологиялық тәрбие берудің маңыздылығын көрсетуде.
Жауап қалдыру