ҮШ АЙДА – 50 КІТАП (болған жағдай)

Жарияланды:

Автор:

категорияда
Қоғамда оқу мәдениетін нығайтып, ұлттың рухани дамуына серпін беру мақсатында Мемлекет басшысы 2023 жылы Ұлттық кітап күнін атап өтуді ұсынған болатын.
Сол жылы қыркүйек айында “AMANAT” партиясының “Кітап – AMANAT” жобасы бастау алып, Алматы қаласындағы алғашқы кітап орталығының тұсаукесеріне Мәжіліс спикері, партия төрағасы қатысқанынан партияластарым хабардар болар.
Бұл ұсыныс Үкіметтің 2024 жылғы қаулысымен ресми түрде бекітіліп, 23 сәуір -Ұлттық кітап күні деп белгіленді.
Осындай ресми кіріспеден кейін менің айтпағым – өзімнің 9-сыныптан 10-сыныпқа өтетін жаздың басындағы бір оқиға.
Әрі сынып жетекшіміз, әрі қазақ тілі мен әдебиетінің ұстазы, әрі әпкем Махамбеталиева Зауре апайымыз оқу жылының соңғы сабағында,
жазып алыңдар, -деп 50 кітаптың атауын оқып шықты.
Жазып болғанымыз сол еді,”келесі оқу жылында күнделікті сабаққа қатысты талқылаймыз. Жаз бойы оқып шығасыңдар”, – деді.
Ол кезде ұстаз тапсырмасын орындамау -өзіңе айыптау үкім шығарғанмен бірдей.
Басқа сыныптастарымның көңіл күйін қайдам, өзім үйге әрең жеттім.
Физик-математик болса да, әдебиетті жаны сүйетін анама шет жағасын айтып көріп едім, “аз ғой, негізі одан да көп айту керек еді”,- деген жауап алдым.
Жоғарыда айтқанымдай, ұстазымыз әпкем, әкемнің туған қарындасы.
Яғни, басқа оқушылардай емес, жаз бойы толық бақылауда боламын деген сөз.
Не керек, мұның барлығын қалай оқып шығамын деген ызалықтан жарылып, ешкімге көрсетпей, әбден жылап алдым.
Амал жоқ, оқып шықтым…
Бүгінгі күннің моралімен айтсам – сол кезде стресс алған шығармын.
Бірақ бүгінгі ата-аналар сияқты мені аяған әке-шешені ол кезде көрмедім.
Сол үшін де қазір ол кісілерге алғысым шексіз.
Ойымды қорыта келе баршаға, әсіресе жастарға айтарым:
Бір парақ ашу арқылы бір әлемге жол ашатынымыз – ол ақиқат.
Ұлттық кітап күні –
кітапты ұлықтайтын, оқырманды оятатын күн құтты болсын.
#ҰлттықКітапКүні
#КітапAmanat
#ОқуМәдениеті
#МәслихатТөлеби
#АманатТөлеби
 
Аудандық мәслихаттың
төрағасы                                  Н.Қойбағаров

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-tolebi/press/news/details/1004275?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді