
Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында Жамбыл облысында жазғы кезеңге дайындық жұмыстарына арналған баспасөз конференциясы өтті.
Спикерлер ретінде Жамбыл облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасарлары — азаматтық қорғау полковнигі Ералы Ақылбеков пен полковник Руслан Орынбеков сөз сөйледі.
Іс-шара барысында ТЖД өкілдері өңірде жаз мезгілінде төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жою бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады.
Сондай-ақ балалардың қауіпсіздігіне ерекше аударылды.
Спикерлердің айтуынша, өңірде келесі профилактикалық іс-шаралар жүзеге асырылуда:
- «Қауіпсіздік бәрінен бұрын», «Отты тоқтат!», «Қауіпсіз балалық шақ» акциялары өтті;
- 74 өрт-тактикалық оқу-жаттығу және 100-ден астам интерактивті сабақ өткізілді, бұл шаралармен 12 000-нан астам оқушылар мен педагогтар қамтылды;
- Мектептер мен жоғары оқу орындарында 32 ақпараттық стенд жаңартылды;
- Ата-аналар жиналыстары мен сынып сағаттары ұйымдастырылды;
- Білім басқармасының сайтында қауіпсіздік ережелері, интерактивті тесттер мен памяткалар жарияланды.
Шомылу маусымына дайындық аясында 13 ресми жағажай белгіленіп, су түбі тазартылды.
360-тан астам ескерту белгісі орнатылды, күн сайын рейдтер өткізіліп, 400-ден астам профилактикалық іс-шаралар ұйымдастырылды (полиция, жергілікті атқарушы органдар мен еріктілердің қатысуымен).
Бүгінгі күнге дейін су айдындарында жазатайым оқиғалар тіркелген жоқ.
ТЖД өкілдері су маңында демалу кезінде келесі ережелерді сақтау қажеттігін еске салды:
- Тек арнайы жабдықталған жерлерде шомылыңыз;
- Балаларды қараусыз қалдырмаңыз;
- Алкогольдік ішімдік ішкен күйде суға түспеңіз.
Балалардың терезеден құлау жағдайлары – алаңдатарлық мәселе
Жыл басынан бері республика бойынша 60 бала терезеден құлап кеткен, оның ішінде 5-еуі көз жұмып, 55 бала түрлі жарақат алған.
Жамбыл облысында 6 жағдай тіркеліп, 5 бала жарақат алып, 1 бала қаза болған.
Апаттардың негізгі себептері — ата-аналардың қарауынсыз қалдыру, сондай-ақ москит торлары, олар баланы құлаудан қорғай алмайды.
ТЖД тарапынан келесі алдын алу шаралары жүргізілуде:
- Көпқабатты тұрғын үйлерде жаднамалар таратылды;
- Әлеуметтік желілерде және «Darmen» мобильді қосымшасында ақпараттар жарияланды;
- Теледидар, радио және баспасөз беттерінде түсіндіру жұмыстары жүргізілуде.
Жергілікті әкімдіктерге әлеуметтік осал топтағы отбасылар тұратын пәтерлерге терезе блокираторларын орнату бойынша ұсыныстар жолданды.
Қауіпсіздік – баршамыздың ортақ жауапкершілігіміз!
Біз тек бірлескен күш-жігер арқылы жазатайым жағдайлардың алдын алып, әр бала үшін қауіпсіз жаз мезгілін қамтамасыз ете аламыз.
Жамбыл облысы ТЖД ИЖ және СК тобы
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-zhambyl/press/news/details/1004209?lang=kk
Жауап қалдыру