ЖАНДОС ТАСОВ АУЫЛ МЕКТЕБІНІҢ “СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ” ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Кентау қаласының әкімі Жандос Тасов екі мың жылдық тарихы бар Қарнақ ауылындағы М.Қашқари атындағы жалпы орта мектепте өткен “Соңғы қоңырау” салтанатты шарасына қатысты.

Салтанатты жиында қала басшысы мектеп ұжымын, оқушылар мен ата-аналарды оқу жылының аяқталуымен құттықтап, бітіруші түлектерге жылы лебізін білдірді.

“Соңғы қоңыраудың соғылуы – балалық шақпен қоштасып, үлкен өмірге қадам басудың белгісі. Көпшілігің болашаққа жоспар құрып, асыл мақсаттарыңызды айқындап та қойған боларсыздар. Сол биік мұраттарға жетулеріңізге тілектеспін. Өмір жолдарыңыз ашық болып, бастаған істеріңізге сәттілік серік болсын!” – деді Жандос Қалмырзаұлы өз құттықтауында.

Сондай-ақ оқушылардың биылғы жетістігінің нәтижесінде М.Қашқари жалпы орта мектебі ҚР білім министрінің “Үздік мектеп” номинациясына ие болды.

Айта кетейік, 2024–2025 оқу жылының қорытындысы бойынша Кентау қаласы бойынша 657 оқушы мектеп бітіреді. Оның ішінде, 599 оқушы Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға ниет білдірген. Оның 49 түлек – «Алтын белгіге», 32 түлек – «Үздік аттестатқа» үміткер.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1005012?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді