
ОТЫРАРЛЫҚ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ АУЫЛҒА ЖАҢА ОЙЫН АЛАҢШАСЫН СЫЙҒА ТАРТТЫ
Отырар ауданындағы Ө.Жәнібеков атындағы мектеп-интернаттың 2005 жылғы түлектері ауылға жаңа ойын алаңшасын сыйға тарты. 20 жыл бұрын өздері түлеп ұшқан алтын ұяларына деген құрмет ретінде салынған нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы, облыстық мәслихат депутаты Нұржан Серікжанұлы, ардагер ұстаздар Мейрамкүл Тұрлыбекова мен Шәрипа Үмбетова қатысты.
«Туған жерге туыңды тік» деген халқымыздың нақылын берік ұстанған түлектер туған ауылына, мектебіне деген шынайы жанашырлығын осылайша білдіріп отыр. Аудан әкімі Қайрат Жолдыбайұлы елге көрсеткен үлгілі істері үшін түлектерге алғысын айтып, арнайы алғыс хаттармен марапаттады.
Шара соңында мектептің төменгі сынып оқушылары арасында футболдан жарыс ұйымдастырылып, «Аманат» партиясының Отырар аудандық филиалының атқарушы хатшысы Еркеғали Таңатаров жарысқа қатысушы командаларға спорттық киім мен футбол доптарын табыстады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
________
ВЫПУСКНИКИ ОТРАРСКОЙ ШКОЛЫ ПОДАРИЛИ СЕЛУ НОВУЮ ИГРОВУЮ ПЛОЩАДКУ
Выпускники школы-интерната имени О. Жанибекова Отырарского района 2005 года подарили селу новую игровую площадку. В торжественной церемонии открытия объекта, подаренного выпускниками 20-летней давности, приняли участие аким района Кайрат Жолдыбайулы, депутат областного маслихата Нуржан Серикжанулы, учителя-ветераны Мейрамкуль Турлыбекова и Шарипа Умбетова.
Выпускники, твердо придерживающиеся пословицы нашего народа “Туған жерге туынды тік”, выражают искреннюю благодарность к родному селу и школе. Аким района Кайрат Жолдыбайулы поблагодарил выпускников за проявленные образцовые дела и наградил благодарственными письмами.
В завершение мероприятия были организованы соревнования по футболу среди учащихся младших классов школы, а исполнительный секретарь Отырарского районного филиала партии “Аманат” Еркегали Танатаров вручил командам, участвующим в соревнованиях, спортивную одежду и футбольные мячи.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1004425?lang=kk
Жауап қалдыру