Жаңалық

Жарияланды:

Автор:

категорияда
ТҮРКІСТАН: ШАРДАРАЛЫҚ МЕКТЕП ТҮЛЕКТЕРІ АУЫЛ ТҰРҒЫНЫНА БАСПАНА СЫЙЛАДЫ
Жыл сайын Түркістан облысында мектеп бітірген түлектердің білім ордаларындағы соңғы қоңырау қарсаңында қайырымдылық жасап, мұқтаж жандарға көмектесуі, өз ауылының көркейіп-көріктенуіне үлес қосуы дәстүрге айналған. Биыл да бұл дәстүр жалғасып, Шардара ауданының түлектері мұқтаж отбасыға баспана сыйлап, ауылдастарының алғысын алып жатыр. Аудандағы Қоссейіт ауылдық округіне қарасты «Сырдария» жалпы білім беретін мектебінің 2005 жылғы мектеп бітіруші түлектері 20 жылдық кездесулерінде ауыл тұрғынына қамқорлық жасап, Бақтыбай Құрбановқа үш бөлмелі баспана сыйға тартты. Мерейтой аясында игі іс жасаған түлектерге үй иесі өз алғысын білдірді.
Шараға қатысқан аудан әкімінің орынбасары Бейсенбай Төребеков пен Қоссейіт ауылдық округінің әкімі Нұрбол Жайнар баспана иесін қоныс тойымен құттықтап, игі іске мұрындық болған түлектерге аудан әкімінің Алғыс хатын табыстады.
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі
__________
ТУРКЕСТАН: ВЫПУСКНИКИ ШАРДАРИНСКОЙ ШКОЛЫ ПОДАРИЛИ ЖИЛЬЕ ЖИТЕЛЮ СЕЛА
Ежегодно в Туркестанской области выпускники школ в преддверии последнего звонка превратили в традицию делать пожертвования, помогать нуждающимся, вносить свой вклад в благоустройство своего села. В этом году эту традицию продолжили выпускники Шардаринского района, подарившие жилье нуждающей семье и получившие благодарность от односельчан. На 20-летних встречах выпускников 2005 года общеобразовательной школы “Сырдария” сельского округа Коссеийт сельчанину Бактыбай Курбанову подарили трехкомнатное жилье. Новоселец поблагодарил выпускников, которые сделали доброе дело в рамках юбилея.
Присутствовавшие на мероприятии заместитель акима района Бейсенбай Торебеков и аким сельского округа Коссейит Нурбол Жайнар поздравили владельца жилья с новосельем и вручили благодарственное письмо акима района выпускникам, принявшим участие в благом деле.
Региональная служба коммуникаций Туркестанской области

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kogamdyk-damu/press/news/details/1004409?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді