ЖАСТАР АРАСЫНДА БАЙҚАУ ӨТКІЗІЛЕДІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігінің Алматы облысы бойынша департаменті «Заң және тәртіп» идеологиясын нығайту және адалдық және белсенді азаматтық ұстаным қағидаттарын ілгерілету шеңберінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпта әлеуметтік бейнероликтер республикалық жастар конкурсын өткізуді жоспарлауда.
Конкурсқа Қазақстан Республикасының 14-35 жас аралығындағы азаматтары – жеке авторлар немесе шығармашылық ұжымдар қатыса алады.
Конкурстың номинациялары: «Үздік әлеуметтік бейнеролик», «Ең креативті идея», «Үздік әлеуметтік хабарлама» қарастылған.
Конкурстық жұмыстар (бейнероликтер) қазақ және орыс тілдерінде paryz_zhastary2015@mail.ru электрондық пошта арқылы қабылданады. Конкурстық жұмыстарды қабылдау мерзімі: 2025 жылғы 21 мамырдан
20 маусымға дейін жүзеге асырылады.
Осыған орай, 14-35 жас аралығындағы жастарды конкурсқа белсенді қатысуға шақырамыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1004779?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді