Жұмыс кездесуі өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ағымдағы жылдың 20 мамырында Шығыс Қазақстан облысының адвокаттар алқасының адвокаттарының қатысуымен мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету барысында туындаған мәселелер бойынша кездесу өткізілді.

Кездесу барысында сот, сотқа дейінгі органдарының мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында адвокат көрсеткен қызметінің шығыстарын өтеу мәселесі бойынша, сотқа дейінгі органдар қылмыстық істердің сотқа дейінгі сатысында күдіктінің, айыпталушының қорғаушысы ретінде заң көмегін көрсету туралы қаулы шығарған кезде қорғауға құқығы бар куәлерге қатысты,  мемлекет кепілдік берген заң көмегін көрсету мақсатында адвокаттар жыл көлемінде келісім жасау, «Е-Төрелік» ақпараттық жүйесінде жұмыс атқару туралы сұрақтары талқыланды. 

Іс-шара барысында қатысушылармен мемлекет кепілдік берген заң көмегі аясында шығыстарын өтеуге қатысты өтініштерді жолдау барысында «Е-Заң көмегі» ақпараттық жүйесінде туындаған мәселелерді, сондай-ақ  оларды шешу жолдары талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-shko/press/news/details/1003876?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді