
16–23 маусым – Семсерлесуден Азия чемпионаты
Ел құрамасынан 23 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Нуса Дуа қаласы, Индонезия
16–23 маусым – Көркем гимнастикадан юниорлар арасындағы әлем чемпионаты
Жарыста отандық 7 спортшы бақ сынайды.
Өтетін орны: София қаласы, Болгария
16–24 маусым – Жағажай волейболынан Азия чемпионаты
Турнирге Қазақстан құрамасы да қатысады.
Өтетін орны: Рой-Эт қаласы, Таиланд
18–19 маусым – Күрес түрлерінен 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы Азия чемпионаты
Ел намысын 30 палуан қорғайды.
Өтетін орны: Вунгтау қаласы, Вьетнам
18–21 маусым – Спорттық гимнастикадан ерлер арасындағы Әлем кубогі кезеңі
Жарысқа отандық 6 гимнаст қатысады.
Өтетін орны: Ташкент қаласы, Өзбекстан
18–26 маусым – Пара пауэрлифтингтен Әлем кубогі
Қазақстан құрамасынан 10 спортшы сынға түседі.
Өтетін орны: Бейжің қаласы, Қытай
20–21 маусым – Велотректен халықаралық жарыс
Турнирде 4 велошабандозымыз өнер көрсетеді.
Өтетін орны: Котбус қаласы, Германия
21–22 маусым – Жеңіл атлетикадан халықаралық турнир
Қазақстан құрамасынан 2 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Ташкент қаласы, Өзбекстан

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1017626?lang=kk
Жауап қалдыру