Дружба ауылдық округінде «Таза Қазақстан» акциясы аясында абаттандыру жұмыстары жалғасуда.
Ауыл аумағында арамшөптер шабылып, ағаштар әктелуде — барлығы тазалық, жайлылық және табиғат пен тұрғындардың саулығы үшін.
Құрметті тұрғындар! Сіздерді осы бастамаға қосылып, үй маңындағы арамшөптерді шабуға шақырамыз.
Бұл округімізді таза әрі көрікті етуге, зиянды өсімдіктердің таралуын болдырмауға және баршаға жайлы орта қалыптастыруға көмектеседі.
Келіңіздер, туған өлкемізді бірге көркейтейік!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-gm-druzhba/press/news/details/1017867?lang=kk
Жауап қалдыру