Әке – тірек, тәрбие мектебі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

15 маусым – әлем елдерімен қатар Қазақстанда да атап өтіліп жүрген Әкелер күні. Бұл күн – ұрпағына қорған, отбасының тірегі, өнегелі өмірімен үлгі бола білген әкелерді құрметтейтін ерекше мейрам.
Балаға әке болу – ұлы жауапкершілік. «Әке – асқар тау» деп бекер айтылмаған. Себебі әке – тек асыраушы ғана емес, ол – тәрбиеші, өмірлік бағыт беруші, алғашқы ұстаз. Әке тұлғасы бала санасында әділеттілікпен, еңбекқорлықпен, сабырмен және қайсарлықпен ұштасып жатады. Ал бүгінгі қоғамда әкенің отбасындағы рөлі бұрынғыдан да маңызды.
Ұлттық тәрбиеде әке – отбасының рухани көшбасшысы. Қазақ халқында “Бала әкеден көргенін істейді” деген даналық бекер айтылмаған. Өйткені ұл әкесінен мінез, қыз әкесінен мейірім көріп өседі. Бүгінде жастардың бойына имандылық пен отансүйгіштік қасиеттерді дарытуда да әкенің орны ерекше.
Қазіргі заман – цифрлық технология мен жаһандану дәуірі. Осындай өзгермелі ортада әкелер тек дәстүрлі тәрбие беруші ғана емес, баланың ақпарат ағынында адаспай өсуіне бағыт көрсететін заманауи жетекшіге айналуы тиіс. Әке – баланың жүрегіне үміт, санасына бағыт, өміріне сенім ұялата білетін тұлға.
Әке тәрбиесі – бала болашағының іргетасы. Сондықтан әр отбасында әкенің сөзі – өнеге, ісі – үлгі болуға тиіс. 15 маусым – соны тағы бір еске салар тағылымды күн.

#Әкеге Құрмет
#ӘкеАсқарТау
#ӘкелерКүні

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1017798?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді