
2025 жылғы 11-13 маусым аралығында Жамбыл облысы әкімдігінің жұмылдыру дайындығы, аумақтық және азаматтық қорғаныс басқармасының басшысы Е. Байболат Мойынқұм, Қордай және Шу аудандарына жұмыс сапарымен барды.
Іс-сапар аясында басқарма басшысы аталған аудандардағы қорғаныс істері жөніндегі бөлімдердің қызметін бағалап, әскери басқару органдарының ұйымдастырушылық және материалдық-техникалық жағдайымен танысты. Атап айтқанда, мерзімді әскери қызметке шақыру науқанының өту барысы назарға алынды.
Әрбір бөлімде жүргізілген зерделеу барысында мекеме ғимараттарының техникалық жай-күйі және әскери есепке алу жүйесінің тиімділігі егжей-тегжейлі қаралды. Сонымен қатар, кадрлық қамтамасыз ету және ақпараттық жүйелердің қолданылу барысы да бақылаудан тыс қалмады.
Сапар нәтижесінде анықталған кемшіліктер мен өзекті мәселелер бойынша нақты тапсырмалар беріліп, оларды шешу тетіктері ұсынылды. Басқарма басшысы бөлімдердің жалпы дайындығына баға беріп, жұмылдыру жұмыстары мен әскери есеп жүргізудің тиімділігін арттыру үшін ұйымдастырушылық және техникалық шаралар қабылдау қажеттігін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-mobtraining/press/news/details/1017850?lang=kk
Жауап қалдыру