Афинада Қазақстандағы понти гректерінің тарихына арналған конференция өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Афина, 2025 жылғы 15 маусым – Жексенбі күні Грекия астанасында Қазақстанда өмір сүрген және өмір сүруді жалғастырып жатқан понти гректерінің тарихына арналған ғылыми-тарихи конференция өтті. Іс-шараны Каллифея муниципалитетінің Эллинизмді қолдау орталығы мен Қазақстан грек қоғамдарының «Филия» қауымдастығы ұйымдастырды.

Конференцияға Қазақстаннан келген грек диаспорасының өкілдері, қоғамдық және саяси қайраткерлер, Каллифея муниципалитетінің басшылығы, сондай-ақ Қазақстанның достары мен серіктестері қатысты.

Іс-шараға қатысушылар понти гректерінің Қазақстан мен Орталық Азияның басқа аймақтарына қоныс аударуына алып келген тарихи үдерістерді зерделеуге баса назар аударды. Бұл оқиғалар мыңдаған грек отбасының тағдырына айтарлықтай әсер етіп, екі халықтың тарихи жадында терең із қалдырды.

Конференция аясында тарихи мұраны сақтау, Қазақстан мен Грекия арасындағы гуманитарлық және мәдени байланыстарды нығайту, сондай-ақ Қазақстан қоғамының ажырамас бөлігіне айналған грек қауымдастығын қолдау мәселелері маңызды тақырыпқа айналды.

Шара барысында Қазақстан халқы Ассамблеясының көпжылдық мүшесі, «Филия» қауымдастығының құрметті төрағасы Павел Иванович Феодоридидің еңбегіне ерекше назар аударылды. Ол Қазақстанда – «Достық» орденімен, ал Грекияда – Феникс орденінің Күміс крестімен марапатталған. Оның Қазақстан мен Грекия арасындағы достықты нығайтуға және Қазақстан гректерінің мәдени бірегейлігін сақтауға қосқан үлесі жоғары бағаланды.

Қазақстанның Грекиядағы Елшісі Тимур Сұлтанғожин өз сөзінде ұлтаралық келісімнің, төзімділік пен ынтымақтастықтың Қазақстанның қоғамдық даму үлгісінің ажырамас бөлігі екенін атап өтті. Сондай-ақ ол Қазақстандағы грек қауымының танымал өкілдерінің – футболшы Евстафий Пехлеваниди мен халық әртісі Лаки Кесоглудың – екіжақты қатынастар мен мәдени алмасуды дамытуға қосқан үлесін ерекше атап өтті.

Конференция Қазақстан мен Грекия арасындағы ортақ тарихи мұраны сақтау, мәдени диалог пен гуманитарлық ынтымақтастықты нығайту жолындағы маңызды қадам болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-athens/press/news/details/1017993?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді