Балқашта балалар алаңдарына бейнекамералар орнатылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды облысында алғаш рет ауладағы балаларға арналған ойын алаңдарында бейнекамералар орнатыла бастады. Алғашқылардың бірі болып жақсы үрдісті Балқаш коммуналдық қызметкерлері бастады. Бұл жерде бейнебақылау жүйесі әзірге төрт аумақта пайда болды, ал болашақта көпқабатты үйлердің жанындағы 44 алаңды қамту жоспарланған.

Тұрғындар жаңашылдыққа дән риза. Ең алдымен бұл балалардың серуендеу кезіндегі қауіпсіздігі. Сондай-ақ бейнебақылау тазалық пен тәртіпті жақсы қадағалауға көмектеседі, бұзу немесе қирату жағдайларын қысқартуға мүмкіндік береді.

Бұл бастаманы «Балқаш универсал» ЖШС ұсынды.

–  Бізді тұрғындардың бірнеше мәрте өтініштері түрткі етті. Жыл сайын қалада балалар алаңдарын абаттандыруға бюджет қаражаты көп жұмсалады. Олардың сақталуын қамтамасыз ету, тазалық пен тәртіпті сақтау маңызды. Біз алаңдарға қызмет көрсетуді жоспарлап отырмыз, – дейді кәсіпорын директоры Олжас Сармантаев.

Бейнекамералар орнатылған мекен-жайлар: Сәбитова ықшам ауданы, 2 үй; Бөкейханов көшесі, 7А үйі; Сванқұлов кварталы, 6 үй; Калмыков тұйық көшесі, 4 үй. Әрбір балалар алаңына жауапты адам тағайындалады – бұл міндетті ПИК төрағасы атқаратын болады. Ол арнайы мобильдік қосымша арқылы бейнебақылау жүйесіне қосыла алады – онлайн режимде болып жатқан оқиғаларды қадағалап, қажет болған жағдайда жедел шаралар қабылдайды.

Балқаш қаласының тұрғын үй қатынастары және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Оңалбек Мәдіғалиевтің айтуынша, қаладағы қалған балалар алаңдарына да бейнекамералар орнату үшін барлық ПИК-термен жұмыс жүргізіледі.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1017999?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді