Бұқар жырау ауданының Доскей ауылында орталықтандырылған су жүйесі тартылуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету – басты міндеттерінің бірі. Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев жобаларды жеке бақылауында ұстап отыр. Бұқар жырау ауданында тұрғындармен кездесуден кейін, Доскей ауылының тұрғындары жаңа су құбырымен байланысты проблемаларға шағымданды, өңір басшысы жағдайды анықтау үшін ауылға келді. Облыс әкімімен бірге прокуратура, МСҚБ басқармасының өкілдері де болды.

Доскейдегі су құбырын қайта жаңарту жұмыстары өткен жылы аяқталды. Нысан қазір Доскей ауылдық округі әкімі аппаратының балансында тұр. Жаңа желілерге абоненттердің бір бөлігі қосылған, қайта қосуды тамызға дейін аяқтау жоспарланған.

Ұңғымалардың бірінде мердігер кепілді міндеттемелер бойынша ақаулы сорғыны ауыстырды. Сонымен қатар, қуаттылығы жоғары жаңа терең сорғылар орнатылды.

Облыс әкімі мердігерлер мен авторлық қадағалауды тыңдады. Кездесуде ауыл тұрғындары тек су құбырына ғана қатысты емес сұрақтарын да ортаға салды.

Ермағанбет Бөлекпаев туған ауылының проблемаларын көтеріп, сындарлы әрекет етуге тырысатын бастамашыл топқа алғысын білдірді.

– Сіздердің ауыл тынысына немқұрайлы қарамайтындарыңыз өте маңызды! – деп атап өтті облыс әкімі. – МСҚБ өкілдерінің қатысуымен жұмыс тобын құруды тапсырамын.

Доскейде кәріз желілерін қайта жаңарту жобасы да бақылауда. Жұмыстар өткен жылы басталған, биыл аяқталуы тиіс. Бүгінгі таңда алты көшеге жаңа құбырлар салынып, құдықтар орнатылды.

Облыс әкіміне жол жұмыстары туралы да баяндалды. «Қарағанды – Тоғызқұдық – Ботақара» жолы, соның ішінде Доскей арқылы өтетін учаскеде жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Биыл ауылда 7 шақырым жол ретке келтіріледі.

Кейін Ермағанбет Бөлекпаев тағы да Доскейге келіп, тұрғындармен кездесіп, нәтижесін жеке өзі тексеретінін айтты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/karaganda/press/news/details/1017636?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді