Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі А. Биахметовтың Ақтөбе облысына жұмыс сапары

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Асқар Биахметов Ақтөбе облысына жұмыс сапарымен барды.

Ақтөбе облысының әкімі Асхат Шахаровпен кездесу барысында, өңірдегі жұмыспен қамту мәселелері талқыланды.

Сонымен қатар, Әлия Молдағұлованың 100 жылдық мерейтойы аясында батырдың мемориалдық кешеніне гүл шоқтарын қойып, рухына тағзым етті.

Вице-министрдің төрағалығымен өткен кеңесте «Инновациялық жобалар навигаторы» платформасы мен еңбек тәуекелдері картасы таныстырылып, өңір әкімдіктеріне еңбек қатынастарын заңдастыру және зейнетақы жарналарының уақытылы аударылуын қамтамасыз ету жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Асқар Биахметов “Zerde Керамика Aktobe”, “Capital Plast KZ”, “DoubleTree by Hilton”, “Көктас-Ақтөбе” және тағы басқа бірқатар өндіріс, құрылыс, сауда және әлеуметтік нысандарын аралап жаңа жұмыс орындарын құру,әлеуметтік кепілдіктер және еңбек қауіпсіздігі мәселелерімен жан-жақты танысты.

Сонымен қатар, Ақтөбе қалалық Мансап орталығының қызметімен танысып, жұмыссыз азаматтарды жұмыспен қамтуға бағытталған шараларды күшейту жөнінде тиісті тапсырмалар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-social/press/news/details/1017819?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді