
13.06.2025 «Viamedis» емханасы мен Степногорск көпсалалы қалалық ауруханасында денсаулық сақтау саласы қызметкерлерінің кәсіби мерекесіне арналған іс-шаралар өтті.
Іс-шара барысында қала әкімінің орынбасары Жанасыл Сабырұлы медицина ұжымдарына құттықтау лебізін жеткізді.
Бағдарлама аясында концерттік нөмірлер ұсынылып, қызметкерлерге алғыс хаттар мен марапаттар табысталды.
Барша медицина саласының қызметкерлерін келе жатқан кәсіби мерекелерімен шын жүректен құттықтаймыз! Дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге табыс тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/1017864?lang=kk
Жауап қалдыру