МЕДИЦИНА ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІНЕ ДЕГЕН ҚҰРМЕТ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Медицина қызметкерлері күніне орай Меркі аудандық орталық ауруханасында салтанатты жиын ұйымдастырылды. Адам жанының арашашысы болып жүрген ақ халатты абзал жандардың төл мерекесіне арналған бұл шара – олардың еңбегіне көрсетілген құрметтің жарқын көрінісі болды.

 

Мерекелік жиынға Меркі ауданы әкімінің орынбасары Ернар Әбілдаев арнайы қатысып, медицина саласының мамандарын аудан әкімінің атынан құттықтады. Ернар Ғалиұлы өз сөзінде денсаулық сақтау саласының қоғам өміріндегі орны ерекше екенін атап өтіп, халық саулығы жолында аянбай еңбек етіп жүрген дәрігерлер мен барша медицина қызметкерлеріне зор ризашылығын білдірді.

 

Салтанатты шара барысында бірқатар медицина мамандары аудан әкімінің Құрмет грамотасымен және Алғыс хатымен марапатталды. Сондай-ақ, аудандық мәслихаттың Құрмет грамотасы, аудан әкімдігінің ішкі саясат бөлімі мен орталық аурухана әкімшілігінің Алғыс хаттары да лайықты иелерін тапты. Марапаттармен қатар, медицина қызметкерлеріне гүл шоқтары мен арнайы сыйлықтар табысталды.

 

Бұл шара – әрбір медицина маманының күнделікті көрсетіп жүрген жанкешті еңбегіне деген шынайы алғыс пен ризашылықтың белгісі. Адам өміріне араша түсіп, денсаулығын сақтауға күш салып жүрген абзал жандардың еңбегі қашанда құрметке лайық.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-merke/press/news/details/1017764?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді