2025 жылдың 5 маусымында Петропавлда Солтүстік Қазақстан облысының тұрақты дамуы, экономикалық өсу нүктелерін қалыптастыру және өңірлік теңгерімсіздіктерді теңестіру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараға әкімдіктің, бизнес-қоғамдастықтың, үкіметтік емес ұйымдардың өкілдері, сондай-ақ экономика саласындағы сарапшылар қатысты.
Кездесудің негізгі тақырыбы – басым бағыттарды, мемлекеттік қолдау шараларын және тұрақты өсуді қамтамасыз ету тетіктерін айқындайтын негізгі стратегиялық құжат – облысты және аудандарды дамытудың 2026-2030 жылдарға арналған жоспарын әзірлеу үшін практикалық ұсыныстарды қалыптастыру болды.
Талқылау барысында мынадай мәселелер қозғалды:
инвестициялық белсенділікті қолдау және экономиканы әртараптандыру;
өмір сүру сапасының өңірлік стандарттары жүйесін енгізу;
аграрлық сектордың басымдықтары және ауыл шаруашылығын қолдау шаралары;
өңірдің индустриялық-инновациялық дамуы және өнеркәсіптік әлеуеті;
демографиялық жағдай және халықты, әсіресе жастарды ауылдық аудандарда бекіту жөніндегі шаралар.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sko-uebp/press/news/details/1017718?lang=kk
Жауап қалдыру